АҚШ-та жер сілкінісінен Вашингтонға орнатылған монументте жарық пайда болды, енді ол жабылмақшы

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ -тың шығыс жағалауында өткен түнде болған қатты жер сілкінісінен АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтонның ескерткіші бүлініп, біраз зақымданған,

деп жазады РБК daily басылымы.

Басылымның жазуынша, ескерткіштің жоғарғы жағы 1848-1884 жылдары салынуына байланысты ескірген болуы керек, сызат пайда болған. Осыған байланысты обелиск белгілі бір уақытқа дейін келушілер үшін жабылатындығы айқын болып отыр, деп хабарлайды РБК.

Жер сілкінісінің салдарынан Вашингтонның ең биік ғимараттарының бірі - Ұлттық шіркеуге де зақым келген. Шіркеудің бұқарамен байланыс жөніндегі директоры Ричард Вайнбергтің айтуынша, орталық мұнарада үш бекіткіш сынып түсіп, төртіншісі салбырап тұр.