АҚШ-та жер сілкінді

Фото: Фото: pexels.com

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM – АҚШ-тың Калифорния штатында 7 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-жерторта теңізі сейсмологиялық орталығынан хабарланды, деп жазады ТАСС.

Орталықтың мәліметінше, зілзаланың ошағы 12 мың адам тұратын Фортуна қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 56 км қашықтықта жатыр. Жер сілкінісінің тереңдігі 14 км.

Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.

Антальяда осыған дейін 4,8 балдық жер сілкінісі болғаны туралы жаздық.