АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқаны расталды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-та із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралбайдың қаза тапқаны ресми түрде расталды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Фото: Скрин

Министрліктің хабарлауынша, АҚШ-тың құзырлы органдары табылған мүрденің жеке басын анықтаған. Оның Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екені белгілі болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

Қазір қазақстандық дипломаттар АҚШ-тағы жауапты мекемелермен және марқұмның отбасымен тұрақты байланыста. СІМ мәліметінше, туыстарына қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселелері де бар.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та қазақстандық азамат жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Сонымен бірге, АҚШ-та ел азаматы жоғалғанына байланысты ҚР СІМ іздестіруге қатысты түсінік берді.