АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, адам шығыны бар
00:01, 26 Мамыр 2013
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бедфордтан Римге бет алған шағын жолаушылар ұшағы діттеген жерге 90 шақырым қалғанда апатқа ұшырады.
Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады.
Piper PA 34 ұшағында үш адам болған. Олардың екеуі көз жұмды. Бүгінгі таңда ұшқышты іздестіру жұмыстары жалғасуда.