Торнадо құрбандарының арасында жас балалар бар. Олардың көпшілігі Ли округінде тұрған. Жергілікті шериф Джей Джонс құрбандар санының өсуі мүмкін екенін хабарлады.
Жергілікті метеорологиялық қызметтің ақпараты бойынша, жексенбі күні күндіз Алабама және Джорджия штаттарында қатты дауыл соққан.
CNN хабарлауынша, бұл соңғы 8 жыл ішіндегі ең жойқын торнадо. 2011 жылы Алабама штатында қуатты торнадо салдарынан 200 адам қаза тапқан еді.
Шериф Джонстың айтуынша, округтегі бірнеше тұрғын ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Жексенбі күннен бері аман қалғандарды іздеу мен құтқару операциялары жалғасып жатыр. Алабама штатында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
АҚШ президенті Дональд Трамп жергілікті тұрғындарды Twitter аккаунты арқылы абай болуға шақырды.
Торнадо екі штаттағы көптеген ағаштарды қиратып, жүздеген үйді жермен жексен етті.