АҚШ-та жойқын жер сілкінісі болды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Американың Виргиния штатында сейсенбі күні 5,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды, .

деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг

АҚШ Геологиялық қызметінің сайтында хабарланғандай, жер дүмпулерінің қаупінен Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда бірнеше ғимараттың адамдары, соның ішінде Капитолий (Конгресс отырысының орны) мен Пентагон (АҚШ Қорғаныс министрлінің ғимараты) қауіпсіз жерге көшірілді.

Вашингтон мен жер сілкінісінің кіндігі арасындағы қашықтық мәскеу уақыты бойынша 21:51-де 134 шақырым, ал жақындағы елді мекен Луиса қаласынан 6 шақырым деп белгіленген. Жер сілкінісінің ошағы 1 шақырым тереңдікте. Сондай-ақ жер сілкінісі Нью-Йорк, Филадельфия және Бостон қалаларында да сезілген. Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат әлі келіп түспегенімен, АҚШ жедел қызметтерінің телефондарында тыным жоқ.

Жер сілкінісіне байланысты АҚШ-тың Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы ірі халықаралық әуежайы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Reuters.

Ал Нью-Йоркте федералды соттың 26 қабатты ғимараты жер сілкінісі кезінде қатты қозғалған. Жүздеген адам ғимараттан шығарылды.