Полицейлердің айтуынша, жүргізуші бірнеше қиылыстардан қызыл түс жанып тұрғанда өтіп кеткен. Полицейлер көлікті тоқтатпақшы болған. Бірақ жүргізуші жылдамдықты арттырған әрі бомба жарамын деп қорқытқан. Бірнеше минуттан кейін ол ФТБ ғимаратына қарай күрт бұрылып, кіреберіс қақпаны соққан.
Көлік автотұрақ аумағындағы шам бағанына соғылды, жүргізушіден басқа ешкім зардап шекпеді, деп хабарлады АВСnews.
ФТБ агенттері көлікті тексерді, бірақ жарылғыш зат таппады.
Жүргізушіге бірнеше бап бойынша айып тағылды.