АҚШ-та жүк ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатының әкімшілік орталығы - Чарльстон қаласындағы әуежайда Air Cargo әуе компаниясының жүк ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС Metro News жергілікті ақпараттық интернет-порталына сілтеме жасап хабарлады. әле

Оның ақпараты бойынша, апат лайнердің жерге қонуы кезінде болған. Әуежайдағылар атап өткендей, ұшақтың қанаты ұшу-қону жолағына соғылып, одан шеткеріге - орман алқабына қарай шығып кетеді. Бортта әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыш болған - олардың екеуі де мерт болды.

Ұшақ жүктерді экспресс-жеткізілім жасайтын United Parcel Service (UPS) америкалық логистикалық компаниясымен келісімшартқа отырған.