АҚШ-та жүргізушілерге жымиюға тыйым салынды

None
ВАШИНГТОН. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бірнеше штаты жүргізуші куәліктеріне жапсырылатын фотосуреттерде адамдардың жымиюларына тыйым салып отыр.
Жүргізушілерден суретке түсерде барынша байсалды болу өтінілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Білетіндердің айтуынша, жымиюға салынған тыйым тұлғаларды танудың ортақ жүйесін жасау жоспарымен байланысты, тәртіп сақшылары бұл жүйенің көмегімен ұрлық-қарлықты азайтуға болады деп үміттеніп отыр. Көлік құралдары департаментінің өкілдерінің айтуынша, егер жүргізушілердің біразы фотосуреттерінде жымиып, қалғандары байсалды болып тұрса, жүйе жұмыс істемейтін көрінеді. «Суреттер бірдей» болған кезде, технология жақсы жұмыс істейді. Жүйе жұмысын жақсарта түсу үшін, біз клиенттерден суретке байсалды кейіпте түсуді өтінеміз», дейді Виржиния штатындағы көлік құралдары департаментінің өкілі Пэм Гохин.