АҚШ-та жүргізушісіз басқарылатын автобустар сынақтан өткізіле бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында жүргізушісіз басқарылатын автобустар сынақтан өткізіле бастады. Ол бірнеше айға созылады, деп жазады «Хабар 24».

Негізі, көліктің бұл түрін француз компаниясы жасап шығарған. Егер сынақтан сәтті өтсе, 12 орындық автобустар биылғы жылдың соңында бағдарға шығуы тиіс. Бұл штаттағы алғашқы осындай жоба болғалы тұр. Жалпы, биыл қаңтарда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында да өздігінен басқарылатын автобус сынақтан өткізілген болатын.