Қара түсті жол талғамайтын көліктің жүргізушісі басқа автокөліктермен бірге теміржол өткелінен өтіп үлгере алмаған. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанғанда ғана орнынан қозғалған. Тап осы сәтте жүйіткіген пойыз оны қағып өткен.
Зардап шеккен жүргізуші ауыр жарақат алған. Ол қазір ауруханада жатыр.