Бұл туралы BAQ.KZ жазады.
Өрт сөндірушілер қаладағы маңызды нысандарды тілсіз жаудан сақтап қала алды. Атап айтқанда, әскери-әуе академиясы, АҚШ-тың олимпиадалық құрамасы жаттығу өткізетін орталық және өзге де ғимараттар. Өртпен күрес әлі жүргізіліп жатыр.
Бүгінде Американың батысындағы бірнеше штат өрттен зардап шегуде. Тілсіз жау Юта штатында - 180 шаршы шақырым, Монтанада - 500 шаршы шақырым аумақты шарпыған. Осы штаттармен қоса Калифорния және Невада штаттарынан мыңдаған адам көшіріліп, көптеген тұрғын үйлер толықтай өртеніп кетті. Әзірге құрбан болғандар жайлы ақпарат келіп түспеген.
Төтенше жағдайға себеп болған бірден-бір жайт - құрғақшылық дейді сала мамандары.