АҚШ-та жүзге тарта оқушы «доңыз тұмауын» жұқтырып алды деген қауіп бар

НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің денсаулық сақтау қызметінің қаладағы жүздеген оқушы «доңыз тұмауын» жұқтырып алған деген қаупі бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Қызмет өкілдерінің айтуынша, қалада біраз жасөспірімдер сырқаттанып қалған, бірақ олардың ішінде тек ауыр жағдайдағылары ғана тексерілмек. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Нью-Йоркта «доңыз тұмауын» жұқтырудың 20 оқиғасы тіркелген болатын. Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығынан хабарлағандай, аурудың жаңа оқиғалары бір мектептің оқушыларының арасында тіркелген. Тағы 17 адам қазір бақылауға алынып отыр.Сәуірдің 27-сінде Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг 8 мектеп оқушысының қатерлі вирусты жұқтырып алу фактілерін қуаттаған болатын. Алғашында ол оқиғалар «ықтимал диагноз» ретінде көрсетілсе, жүргізілген медициналық тексерулер оқушылардың дәл осы вируспен ауырғанын растап отыр. Мексикада басталған «доңыз тұмауы» індеті бірнеше елге тарап үлгерді. Жаңа вирус тұмаудың мутацияға ұшыраған түрі. Соңғы мәліметтер бойынша, Мексикада қатерлі вирустан қайтыс болғандардың саны 159 адамға жетіп отыр, 2 мың 498 адам ауруханада жатыр.