АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахметов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) мексикалық Элиас Эспадаспен 10 раундтық жекпе-жегін өткізді.
Осыған дейін бірінші орта салмақта Садриддин Ахметов 15 кездесудің 13-ін нокаутпен аяқтаған еді.
Э.Эспадас та (23-6, 16 КО) осал емес-ті.
Бокс кешінің басты жекпе-жегі қазақстандық боксшының басымдылығымен өтті. Оның соққылары дөп тиіп жатты. Алайда төрешілер ұрысты тең деп бағалады.
Осылайша, С. Ахметов те, Э.Эспадас та өз спорттық жолдарында алғаш рет тең нәтиже көрсетті.
Жекпе-жектен кейін Садриддин Ахметов бәрі де алда екендігін айтып, қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейдегі турнирден қазақстандық боксшылардың 11 медаль алып қайтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).