Төменгі бассейн штаттары – Калифорния, Аризона және Невада 2015 жылдан бері су тұтынуды шамамен 20%-ға азайтқанын хабарлайды. Ал жоғарғы бассейндегі штаттар – Колорадо, Вайоминг, Юта және Нью-Мексико су тұтынуды арттыруды жалғастырып отыр. Жеті штат қарқынды таусылып жатқан су қорларын қалай бөлу керектігі туралы келісімге келе алмай отыр.
Дағдарыс климаттың өзгеруі мен халық санының өсуімен ушығып барады. Жартасты тауларда қар жамылғысының азаюына байланысты Колорадо өзеніне еріген су көлемі азайды.
Егер Пауэлл көліндегі су деңгейі тағы 10 метрге төмендесе, су қоймасы гидроэлектроэнергия өндіруді қамтамасыз ете алмайды. Ал су бөгет арқылы Колорадо өзеніне ағып кете алмайды. Қазіргі кезде Мид және Пауэлл су қоймалары 30%-дан аз толып тұр. Сондықтан сарапшылар билік органдарын мүмкіндігінше тезірек келісімге келуге шақырып отыр.
Калифорния, Аризона және Невада алдағы екі жылда суды пайдалануды жылына шамамен 500 млрд галлонға қысқартуды ұсынды.
Осыған дейін елімізде су үнемдеу технологиясын енгізуді қолдайтын кешенді бағдарлама әзірленетінін хабарладық.