АҚШ-тағы университетте атыс болып, бес адам жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Вирджиния штатындағы университетте сенбі күні таңертең атыс болып, бірнеше адам жарақат алды. Оқиғаға байланысты Ричмонд қаласынан шамамен 32 шақырым жерде орналасқан оқу орнының кампусы жабылды. Бұл туралы The Guardian полицияға сілтеме жасап, хабарлады.

Фото: WWBT/AP

Университет әкімшілігінің мәліметінше, атысқа бірнеше күдікті қатысқан. ЖОО-ға қарасты Честерфилд округінің полициясы оқиға орнына келген кезде кампустағы студенттер жатақханаларының маңынан оқ жарақатын алған бес адамды анықтаған. Олардың барлығы жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Жарақат алғандардың төртеуінің жағдайы өміріне қауіп төндірмейді.

Сенбі күні түстен кейін жергілікті полиция атыс жасағандардың саны бір адамнан көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктілердің ешқайсысы қамауға алынған жоқ.

Еске сала кетейік, Таиландта оқушы мектепте оқ жаудырып, жеті адам қаза тапты.