АҚШ-тағы алапат дауыл 600 мың үйді жарықсыз қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні соққан алапат дауыл АҚШ-тың батысындағы 600 мың үйдің тұрғындарын жарықсыз қалдырды.

Американдық БАҚ-тардың хабарлауынша, келеңсіз оқиға Мичиган және Иллинойс штаттарының аумағында болған. Аса қатты соққан желдің жылдамдығы сағатына 112 шақырымға жеткен. Электр тарату желілері үзілген, ағаштар құлаған, екі адам қаза тапты. Олардың бірін ағаш басып қалған, екіншісін тоқ соққан.