АҚШ-тағы асқабақ фестивалінің соңы қақтығысқа ұласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та сенбі күні Нью-Хэмпширдегі болған асқабақ фестивалінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

Өрттен құтқару қызметінің хабарлауынша, жүздеген студент полицейлерге сыра банкілері мен бөтелкелер лақтырған, сондай-ақ көшедегі белгілерді қиратқан. 30-ға жуық адам жарақаттанды.

Полиция жиналғандарды тарату үшін резина оқтарын қолданды. Көргендердің айтуларына қарағанда, полицейлердің шабуылы үлкен дүрбелең туғызған. «Студенттер көшемен төмен қарай беттеген кезде оларды резина оқтармен атты және көз жасаурататын газ қолданды», -дейді олар.

Студенттер толқуы түнде де жалғасты, деп хабарлайды РИА "Новости".