АҚШ-тағы атыс: 2 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Миссури штатында болған атыс кезінде екі адам ажал құшып, біреуі ауыр жараланды, деп хабарлайды KMOV телеарнасы.

Оқыс оқиға Сент-Луис қаласының солтүстік бөлігінде болған. Полиция қылмыс жасалған жерге жергілікті уақытпен 13:30-да келген. Олар өлген екі адамның денесін тапты.

Әзірге полиция атысқа қанша адамның қатысқаны туралы ешқандай ақпарат бермей отыр. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.