АҚШ-тағы ең ірі бөгеттің бұзылу қаупінен эвакуация жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Калифорния билігі Оровилл көлінде орналасқан елдегі ең биік дамбаның бұзылу қаупі салдарынан эвакуация жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар басқармасында жергілікті тұрғындар шығыс, оңтүстік немесе батысқа қарай қозғалуы қажеттігін хабарлады. Бұл ретте, солтүстікке - Оровилл жаққа сапарламау қажеттігі атап өтілді.

Reuters-тің жазуынша, округ шерифі Батте де эвакуация туралы ескертті. Ол адамдарға өзен маңындағы аумақтарды босату қажеттігін хабарлады. Шериф сондай-ақ, бұл жаттығу еместігін мәлім етті.

Дамбаға қауіп  соңғы 50 жылда болмаған жауын-шашын салдарынан туындады. Телеарнадан  бөгет бұзылса, көлден тасыған суды бақылау мүмкін болмай қалатыны айтылуда.