АҚШ-тағы ең қауіпті кәсіптердің тізімі жарияланды

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы ең қауіпті кәсіптер балық аулау өнеркәсібімен байланысты мамандықтар болып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

 Ресми деректерге қарағанда, 2008 жылы АҚШ-та тұратын 39 мың балық аулаушының 50 -і жұмыс кезіндегі оқыс оқиғалар салдарынан  мерт болған. Бұл АҚШ-тағы барлық кәсіптер арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады (100 мың жұмыскерге 128,9 өлімнен сәйкес келеді).

 Қауіпті кәсіптер тізіміндегі екінші орын ағаш кесушілердің еншісіне тиді: 2008 жылы осы кәсіптің 82 өкілі мерт болған (100 мың адамға 115 өлімнен келеді). Үшінші орында - ұшқыштар. Ұшақтардың апатқа ұшырауы салдарынан өткен жылы 90 кәсіби ұшқыштар мен бортинженерлер қаза тапты (100 мың адамға 72 өлімнен келеді).

 Жұмыс орындарында  бақытсыз жағдайларға ұшырағандардың 90 пайызы -  ер адамдар.