Қаладағы ірі жолдардың бірінде пикап жүргізушісі көлігіне ие бола алмай автобусқа соғылған.
Ішінде 40 адамы бар қоғамдық көлік жолы шетіне шығып, бар жылдамдығымен бағанаға келіп тірелген.
Полицияның хабарлауынша, 28 адам ауруханаға жатқызылып, төрт адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік қозғалысы тоқтатылды. Қазір ЖКО себеп-салдары тексерілуде.