Бұл ақпарат РИА жаңалықтар агенттігінде жарық көріп отыр.
Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға Омаха қаласындағы Millard High School мектебінде орын алған. Болжам бойынша атысты Омаха қаласы полиция департаменті бастығының ұлы, кіші Роберт Батлер бастаған. Оның денесі кейінірек мектеп жанындағы автокөлік ішінен табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өзін-өзі өлтірген.
Жергілікті БАҚ ақпараттарына сүйенсек, 17 жастағы мектеп оқушысы 45 жастағы мектеп директоры Куртис Кейс пен оның 58 жастағы орынбасары Вики Каспарға оқ атқан, мектеп басшысының орынбасары алған жарақатынан ауруханада көз жұмады.
Ал мектеп директорының жағдайы тұрақты деп саналуда.
Мектеп оқушысының неліктен білім ордасының басшылығына оқ атқаны туралы ешқандай ақпарат таралмаған. Қала полициясы департаментінің ұлы бұл мектепке екі ай бұрын ауысып келгені ғана белгілі.