Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 13 көліктің соқтығысуы салдарынан 28 адам жарақаттанды. Оқиға кезінде бір автокөліктен өрт шықты. Соның салдарынан ол қатты жылдамдықпен келіп, тосқауылға соғылған. Ал, машинаның доңғалақтары мен шанақ бөлшектері көрермендерге дейін ұшқан. Қазіргі кезде 14 адам, оның ішінде бір жүргізуші ауыр жарақаттармен емханаға жатқызылды.
01:53, 25 Ақпан 2013
АҚШ-тағы NASCAR көлік жарыстарында ірі апат болды
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Дейтона-Бич қаласында өткен NASCAR көлік жарыстарында ірі апат орын алды.