Алдын ала мәліметтерге қарағанда, АҚШ-тағы бұл жолғы аралық сайлауға Республикашылдар партиясын жақтайтындар ерекше қызығушылық танытып отыр.
АҚШ-та алдын ала дауыс беру жеке және пошта арқылы жүргізіледі. Бірінші нұсқаны таңдайтын сайлаушылар, статистикаға қарағанда, әдетте демократтарды қолдайды. Пошта арқылы негізінен егде жастағы америкалықтар дауыс береді.
Айта кетейік, 6 қарашада өтетін сайлауда 100 сенатордың 35-і, Конгресс Өкілдер палатасының 435 мүшесінің барлығы, сондай-ақ штаттар мен аумақтардың 39 губернаторы қайта сайланады.
Өкілдер палатасындағы республикашылдар мен демократтардың қатынасы 236-ға 193 болып отыр. Тағы алты орын бос тұр. Конгрестің төменгі палатасын бақылауға қол жеткізу үшін демократтар қосымша 23 мандат алуы тиіс.