Республикалық партияның атынан сайлаушыларды сұрау барысында, Дональд Трамп сайлаушылардың 41 пайызының қолдауына ие болса, Тед Круз 35 пайыз дауыс жинаған, деп хабарлайды Ipsos компаниясының жүргізген сұрау мәліметтеріне сілтеме жасаған РИА Новости. Бұл ретте Тед Круздың танымалдылығы өсіп келеді.
Демократтарды сұрау кезінде сайлаушылардың кандидаттар Хиллари Клинтон мен Берни Сандерске бірдей қолдау білдіргені анықталды. Олардың екеуі де 48 пайыздан дауыс жинаған.