02:45, 23 Қараша 2013
АҚШ-тағы сот Samsung компаниясымен дау-дамайда Apple-дің пайдасына шешім шығарды
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Калифорния соты патенттер бойынша заң бұзушылық аясында смартфондар шығарушы оңтүстіккореялық Samsung компаниясын америкалық Apple компаниясына 290 млн. доллар төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Өз кезегінде Samsung сот шешіміне шағым тастайды деп күтілуде. Алқа билер Samsung өзінің 13 құрылғысын құру кезінде Apple жаңалықтарын заңсыз пайдаланды деген шешімге келді. Apple талап-арызы бойынша бұның алдындағы сот отырысында оңтүстіккореялық компанияны Apple-ге бір миллиард доллардан астам қаржы төлеуге міндеттеген еді. Алайда, округтік судья істі жаңадан қарауды тағайындады.