Бірден алты штатта төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады vesti.ru.
Луизианада, Арканзаста және Техаста жағдай барынша ауыр. Ондаған елді мекендер су астында қалды. Үш жарым мыңдай адам эвакуацияланды, тағы 12 миллионы қауіпті аймақта. Егер су деңгейі көтерілетін болса, олар да үйлерін тастап шығуға мәжбүр болмақ.
Полицияның соңғы деректеріне сәйкес бес адам қаза тапты, ондаған адам зардап шеккен. Ал желіде жолда балықтар жүзіп жүргені жайлы бейнекөріністер пайда болды.