АҚШ-тағы танымал баспа Абай кітабын өз қаржысына шығармақ
«Алдағы жылы Абай бабамыздың 175 жылдығын атап өтілмек. Бұлүлкен той, яғни ол біздің мәдениетіміздің, қазақ тілінің тойы. Абай кітаптарыбүгінде көптеген шет тілдерге аударылды. Келесі жылы әлем классиктеріңқатарында АҚШ-та ұлы ақының кітабын жарыққа шығарамыз», - деді Р. Сейсенбаев2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегімемлекеттік комиссияның алғашқы отырысының алдында.
Оның сөзіне қарағанда, америкалық баспа ағылшын тілінеаударылған кітаптың шығуын өзі қаржыландырады.
«Әлем Абайды оқып келеді. Ұлы ойшылды бүкіл әлемге таныстыруүшін тиісті жұмыстарды жүргізу керек, яғни Абай мектебін барша әлемге шығарғанмаңызды. 1995 жылы Лондонда «Абай үйін» ашқан едім. Осындай үлкен идеяларғаҮкімет бастамашылық етуі керек. Бүкіл әлемде Абай мектебі жұмыс істегенжағдайда, қазақтарды барша әлем білетін болады», - деді Р. Сейсенбаев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасарыГүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны,ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегімемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Жиын барысында халықаралық, республикалық және өңірлікдеңгейдегі 500-ге жуық түрлі шара қамтылған Абай Құнанбайұлының 175 жылдықмерейтойына дайындалу мен өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасықаралды.