Ал жуырда осы Андердаль отбасында қуанышты жаңалық болып, қыз бала дүниеге келді. Ерлі-зайыпты Скотт және Эштон Андердаль оның есімін Аурелия Мэри Эннон деп қойыпты, деп хабарлайды Fox News.
Айта кету керек, бұл жанұяда 1914 жылдан бері тек ғана ер балалар туылған. Отағасының айтуынша, олар бұл оқиғаны тағатсыздана күтіп, Андердаль отбасында 1 ғасырдан астам уақыттан бері дүниеге келген қыз баланы көруге қатты асыққан екен.