АҚШ-тан депортацияланған қазақстандықтар Коста-Рикаға келді

Фото: Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тан депортацияланған, негізінен азиялық мигранттар тобы Коста-Рикаға келді, деп хабарлайды Reuters

Бұл – Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзербайжан, Иран, Иордания, Қазақстан және Гана елдерінен келген отбасылар.

Коста-Рика үкіметі бейсенбі күні Вашингтонмен Құрама Штаттардан депортацияланған мигранттардың бірінші тобын басқа елдерден депортацияланған 200-ге дейін адамды уақытша орналастыру туралы келісім бойынша қабылдады.

Елден шығарылған мигранттардың соңғы тобы Сан-Диего қаласынан Коста-Рика астанасы Сан-Хосеге жеткізілді, ол жерден Панамамен шекаралас маңдағы мигранттар баспанасына автобуспен жеткізілді.

Қауіпсіздік министрінің орынбасары Омер Бадилла Сан-Хосе әуежайында тілшілерге мигранттарға Коста-Рикада бір ай қалуға рұқсат берілетінін, осы уақыт ішінде билік олардың өз еліне өз еркімен оралуын үйлестіретінін хабарлады.

- Олардың көпшілігі өз елдеріне қайтқысы келеді, - деді Бадилла.

Ол бас тартқандардың істері жеке түрде қаралатынын қосып өтті.

Бұған дейін АҚШ 135 заңсыз мигрантты депортациялайтыны, олардың жартысы — балалар екенін жазған болатынбыз.