Оқу курсына АҚШ-тан арнайы сарапшылар ретінде оқытушы-кинологтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде. АҚШ Елшілігі Әскери ынтымақтастық бөлімінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры Кристофер Кент пен АҚШ-тан келген оқытушы-кинологтар әлемнің оқыз тәжрибелерін көрсетіп, жергілікті қызметкерлермен бірлеске жаттығулар өткізеді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 ай мерзімінде оңтүстікқазақстантандық кинологтар қызметтік-іздестіру иттерінің қолдануымен есірткі контрабандасының 46 дерегін анықтап, заңсыз айналымнан жалпы көлемі 863 гр. есірткі заттырын тәркілеуге қолғабыс етті. Сондай-ақ ҰҚК-нің қызметкерлерімен бірлесе жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы көлемі 557 гр. есірткі заттары алынды.
16:10, 20 Қараша 2017
АҚШ-тан келген арнайы сарапшылар оңтүстіктің кинологтарымен тәжірибе алмасады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кинологтардың бір айлық оқу курсы басталды. Кинологиялық тәлімбақта ұйымдастырылған «Кинолог-мамандармен қызметтік-іздестіру иттерін есірткі заттарын іздестіруге даярлау» атты шара ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР АҚШ Елшілігі Әскери ынтымақтастық бөлімінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасының бастамасымен өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.