АҚШ-тан Өзбекстан арқылы депортацияланған мигранттар арасында қазақстандықтар бар
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тан Өзбекстанға барлығы 131 заңсыз мигрант депортацияланды, деп хабарлайды DW.
Бұлар Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (МҚМ) мәліметтері бойынша Ташкент Өзбекстан азаматтарын депортациялау шығындарын толығымен өз мойнына алған.
Fox News телеарнасының хабарлауынша, Өзбекстан билігі мигранттарды жеткізетін чартерлік ұшақты толығымен төлеген.
— Вашингтон мен Ташкенттің Өзбекстан есебінен депортация туралы келісімі Дональд Трамптың жаңа әкімшілігінің алғашқы осындай құжаты болды, — деп хабарлайды телеарна.
Қазақстан және Қырғызстан төлқұжаттары бар мигранттар одан әрі өз отандарына жіберілетіні айтылған.
Бұған дейін Трамп әкімшілігі шетелдік студенттерді депортациялау ережелерін өзгерткені мәлім болды.