АҚШ Тәуелсіздік күнін 240-рет тойлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде АҚШ ең басты жалпыұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін тойлайды. Биыл Американың Британия бодандығынан азат етілгеніне 240 жыл.

Дәстүр бойынша, АҚШ астанасының орталығында тарихи және патриоттық бағыттағы мерекелік іс-шаралар болады. Ең алдымен,  күндізгі уақытта АҚШ Конгресінен президент Авраам Линкольн мемориалына дейін созылған Вашингтонның орталық желек жолында екі сағаттық парад өтеді. Конститьюшн-авеню бойымен көптеген оркестр, әскери бөлімдер, салт аттылар мен басқа да шеруге қатысушылар жүріп өтеді.

Кешқұрым Капитолийдің батыс көгалында Ұлттық парк қызметі мен Ұлттық симфониялық оркестрдің бір жарым сағаттық мерекелік концерті басталады. АҚШ қоғамдық телеарнасы -  PBS жыл сайын тікелей эфирде трансляция жүргізеді. Концерт соңында міндетті түрде П.И.Чайковскийдің "1812 жыл" увертюрасы орындалады.

Мерекенің шырқау шегі Вашингтон аспанындағы үлкен отшашу болмақ. Ол тура 17 жарым минутқа созылады, деп хабарлайды ТАСС.