Бұған дейін Израиль Қорғаныс министрі америкалық әріптестеріне еврей мемлекеті шабуылдарға тойтарыс беруге толық дайын екенін хабарлаған.
- Біз шабуылға дайынбыз. Тегеран мен Бейрут тарапынан қауіп төнуі әбден мүмкін. Дайындық пен қырағылық қорқыныш пен үрейдің синонимі емес екенін әркім түсінуі маңызды, - деді Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант.
Осының аясында Израиль әскерлері Хан-Юнис аймағындағы нысандарға тағы да соққы берді. Бұған дейін әскери қолбасшылық зымыран шабуылдарына қарсы операцияларға дайындық жүргізіліп жатқандықтан, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға шақырған.