АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Кентукки, Вирджиния, Канзас, Арканзас және Миссури штаттарында қалың қар, көктайғақ, қатты жаңбыр мен найзағайдың салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Анадолы жазды.
Ауа райының қолайсыздығы туралы ескертулер АҚШ-тың әртүрлі штаттарында таратылып жатыр. 30 штатта дауыл болады, азаматтарға үйде болуға кеңес берілді.
Ел бойынша 1 500-ге жуық рейс тоқтатылып, 2 000 рейс кейінге қалдырылды. Сонымен қатар бірнеше пойыз рейсі тоқтатылды.
Кентукки, Вирджиния, Канзас, Арканзас және Миссури штаттарында төтенше жағдай жарияланды.
АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасының (NOAA) мәліметінше, «кейінгі 10 жылдағы ең қалың қар жауады» деп күтіліп отыр.
Бұған дейін АҚШ-қа соңғы онжылдықтағы ең қатты боран соғуы мүмкін екенін жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы