АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы ауысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда АҚШ-тың жаңа бас консулы тағайындалды.

Фото: АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы

Бұл туралы 2026 жылғы 16 шілдеде АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы мәлімдеді.

«Жаңа тағайындалған Алматыдағы АҚШ Бас консулы Питер Кауфман Қазақстанға келді. Қош келдіңіз, Кауфман мырза!», — делінген хабарламада.

Питер Кауфман бұған дейін АҚШ-тың Беларусьтегі уақытша сенімді өкілі, АҚШ-тың Вильнюстегі елшілігінде Беларусь мәселелері жөніндегі бөлім басшысы болып қызмет еткен.

Ол сондай-ақ Әзербайжандағы АҚШ елшілігінде бірінші хатшы лауазымын атқарған.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы қызметін Мишел Еркін атқарды. Ол қызметіне кіріскен кезде Қазақстан жұртымен танысу видеосын қазақша жариялаған еді.