АҚШ-тың Айова штатында оқушы мектепте оқ жаудырды

Бейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Айова штатындағы Перри орта мектебіндегі атыстан бір жасөспірім қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Оқ атқан сол мектептің 17 жасар оқушысы өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.  

Фото: Pixabay

Полиция қысқы каникулдан кейінгі бірінші күні таңертең сол мектептің 17 жасар оқушысы Дилан Батлер оқушыларға оқ жаудырғанын хабарлады.

Ол помпа қаруымен және тапаншамен қаруланған. Полицейлер оның өзін атып өлтіргенін жеткізді.

Мектеп ғимаратынан үйде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы да табылды. Оны саперлер залалсыздандырды.

Полиция қылмыс орнына 7 минуттан кейін келді. Кейінірек FBI агенттері мен терроризмге қарсы арнайы күш қызметкерлері полицияға қосылды.

Атыс таңертең жеті жарымда басталды, ол кезде сабақ әлі басталмаған.

Мектеп ғимаратында салыстырмалы түрде оқушы аз еді, бұл кісі өлімінің тым көп болуынан сақтап қалды.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, оқиғадан кейін келген мектеп оқушылары үйлеріне қайтарылған.

Perry High School штат астанасы Де Мойнның солтүстік-батысында орналасқан 8 мыңнан астам тұрғыны бар Перри қаласында орналасқан.

Ол жергілікті қауымдастықтың мектеп желісіне кіреді, онда жалпы саны 1 785 бала оқиды.