Оның айтуынша, төлем өткен аптада жасалған және БҰҰ-ның тұрақты операциялық бюджетіне аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басындағы жағдай бойынша Вашингтонның БҰҰ алдындағы жалпы қарызы шамамен 2,19 миллиард долларды құрады, бұл барлық мүше мемлекеттердің қарызының 95%. Сонымен қатар, АҚШ бітімгершілік операциялары үшін 2,4 миллиард доллар және трибуналдар бюджетіне тағы 43 миллион доллар қарыз болды.
Қаңтар айының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйымның қаржылық ережелері қайта қаралмаса немесе барлық 193 мүше ел жарна төлемесе, жақын арада құлдырау қаупі бар екенін айтты.
Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ алдындағы қарызы шамамен 4 млрд долларды құрайтынын жазған едік.