АҚШ-тың БҰҰ алдындағы қарызы шамамен 4 млрд долларды құрайды

Фото: ohny.org

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымы Трамп әкімшілігінен АҚШ қарызының (шамамен 4 млрд доллар) қанша бөлігін өтеуді жоспарлап отырғаны және бұл қаражат қашан қолжетімді болатыны туралы түсініктеме күтіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады NBC News.

Өткен аптада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемдік ұйымның қаржылық ережелері қайта қаралмаса немесе барлық 193 мүше мемлекет өз жарналарын төлемесе, ұйым қаржылық күйреуге тап болатынын ескертті.

АҚШ ұйымның тұрақты операциялық бюджеті бойынша 2,19 млрд доллар қарыз, оның ішінде биыл 767 млн доллар алынған.

Бұдан басқа, АҚШ БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары бөлек бюджеті бойынша 1,8 млрд доллар қарыз, және бұл сома да өсетін болады.

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы өкілдігіТрамп әкімшілігінің қарыздың айтарлықтай бөлігін бірнеше апта ішінде төлеуді жоспарлап отырғанын растады, бұл ретте соңғы сома әлі анықталған жоқ.

Өткен аптада БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге жазған хатында Гутерриш тұрақты операциялық бюджет қаражаты шілде айына қарай таусылуы мүмкін екенін, бұл ұйым қызметіне айтарлықтай әсер ететінін мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының өз әлеуетін жүзеге асыра алмай отырғанын сынға алды