Генри Киссинджер 1969-1977 жылдары ел президенттері Ричард Никсон мен Джеральд Форд тұсында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші, содан кейін Мемлекеттік хатшы ретінде еңбек етті.
Киссинджердің Kissinger Associates консультациялық фирмасының жариялауынша, ол Коннектикуттағы үйінде дүниеден озды.
Оның басты жетістігі сол кездегі үш алпауыт держава АҚШ, КСРО және Қытай арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіруге атсалысуы саналады.