АҚШ-тың Мэриленд штатында белгісіз біреу көшеде адамдарға оқ жаудырды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Мэриленд штатының Балтимор ауданында атыс болып, кемінде 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Report ABC News телеарнасына сілтеме жасап.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, оқиға сенбі күні кешкісін сағат 20:50 кезінде болған. Белгісіз біреу Сполдинг және Куинсберри көшелеріне жақын маңда көшеде тұрған адамдарға оқ жаудырған.
Балтимор полициясының комиссары Ричард Уорлидің сөзінше, зардап шеккендердің арасында 5 жасар қыз бар. Абырой болғанда оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Полицей жарақат алғандардың арасында 38 жастағы ер адамның халі мүшкіл екенін айтты.
Күдіктінің кім екені анықталып жатыр, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Осыған дейін АҚШ-тағы ICE уақытша ұстау изоляторында Қытай азаматы өз-өзіне қол жұмсағанын жаздық.