Тілшілердің 10 желтоқсанда тәркіленген 1,9 миллион баррель мұнаймен не істеуді жоспарлап отырғаны туралы сұрағына АҚШ президенті оны сақтайтынын мәлімдеді.
— Мүмкін біз оны сатамыз. Мүмкін сақтаймыз. Мүмкін стратегиялық резерв үшін пайдаланамыз. Біз оны сақтаймыз. Кемелерді де сақтаймыз, — деді Дональд Трамп.
«Сіз активтері тәркіленген америкалық мұнай компанияларымен сөйлестіңіз бе?» деген сұраққа Дональд Трамп «сөйлестім» деп жауап берді. Алайда, нақты ештеңе айтпады.
Бұған дейін АҚШ жағалау күзеті Венесуэла жағалауында екінші мұнай танкерін ұстап алғаны туралы хабарланған болатын.