АҚШ-тың Оклахома штатында ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні АҚШ-тың Оклахома штатындағы Сандэнс әуежайының маңында ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Оклахома қаласының өрт сөндіру қызметі хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ұшақ әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай Оклахома-Ситидің солтүстік-батысында апатқа ұшырады.

Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, апат орнында бірнеше жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.