АҚШ-тың солтүстік-шығыс жағалауын қалың қар басып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың шығыс жағалауында қалың қар жауып, қатты жел соқты. Жүздеген рейс кешігіп, мектеп оқушылары қашықтан оқытуға жіберілде, деп хабарлайды Еuronews.

Фото: Euronews/видеодан алынған кадр

АҚШ-тың солтүстік-шығысында жауған қалың қар бір адамның өмірін қиды, көлік қатынасы үзіліп, мектептер қашықтан оқытуға жіберілді.

Пенсильвания штатында электр сымының үзілуі салдарынан орын алған көлік апатында 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Нью-Джерси полициясы 450-ден астам жол-көлік оқиғасы жайлы хабарлады. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нью-Йорк пен Бостон әуежайларында мыңнан астам рейс кейінге қалдырылды. 

Мектеп сабақтары тоқтатылды немесе қашықтан өткізілуде. 

АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі күн райына байланысты ескерту жариялады.