АҚШ-тың US Steel болат құю зауытында жарылыс болды
00:11, 12 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM - CBS News телеарнасының хабарлауынша, Клэртон қаласындағы (Пенсильвания штаты) US. Steel компаниясының болат құятын зауытында болған жарылыстан бірнеше адам жарақаттанды, деп жазады ресейлік ТАСС.
Құтқару қызметі оқиға туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де хабар алды.
Пенсильвания губернаторы Джош Шапиро әкімшіліктің қала билігімен тығыз байланыста екенін жеткізді.
- Пенсильвания штатының төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жедел әрекет ету қызметтерімен тығыз байланыста отыр және оларға барлық қажетті көмектерді ұсынуға дайын, - деп жазды губернатор X әлеуметтік желісінде.
Осыған дейін Жапонияның Кюсю аралында жаппай эвакуация жарияланғаны туралы жаздық.