АҚШ тұрғыны бір тәулікте 11 келі салмақ тастаған

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың 28 жастағы тұрғыны Росс Эджели өз денесіне қызықты тәжірибе жасаған.

24 сағаттың ішінде ол 11 келі салмақ тастаған. Бір айта кетері, бұл уақыт аралығында ол тамақтан бас тартпаған. Спортшының құпиясы тым қарапайым болып шықты. Ол аса көп мөлшерде денесіндегі сұйықтықтан арылған.

Алдымен Росс тұзды ванна қабылдаған, кейін бірнеше қажетті дәріні ішкен. Одан соң моншаға және жаттығу үшін спортзалға барған. Американдық тұздан басқа ешқандай тамақтан бас тартпаған. Өйткені, тұз ағзада сұйықтықты ұстап қалады. Нәтижесінде 28 жастағы американдық 11 келі салмақтан арылды.