«Біз Нью-Гэмпширде сатылған лотерея билетінен 559,7 млн доллар көлемінде джекпот ұтып алған адамды құттықтаймыз» деп хабарлады телеарна. Ұтыс иесінің есімі әзірге айтылған жоқ.
Ұтыс ойындары сенбі күні өткен. Ұтыс сандары 12, 29, 30, 33, 61 болып шыққан. Қосымша сан - 26. Шарт бойынша жеңімпаз ақшаны бірден немесе бірнеше жыл көлемінде бөліп ала алады.
Бұл АҚШ тарихындағы көлемі жағынан ең ірі екінші джекпот. 2017 жылы 53 жастағы Массачусетс тұрғыны Мэйвис Уончик 758 млн доллар ұтып алған болатын.
Powerball лотереясы АҚШ-тың 44 штатында ойналады. Билет құны 2 доллар, билет сатылымынан түсетін пайда көлемі бірнеше миллиард долларды құрайды.