Оқиға 18- қазан күні кешкісін болды.
Куәгерлер қолында бомбаға ұқсас затты ұстап алған ер адамның мүгедектерге арналған арбаға мініп, San Antonio Neighborhood Health Center клиникасына кіргендігін айтады. Содан соң қолындағы затты жарып жіберіп, өзі де мерт болған.
Осы оқиғаның салдарынан басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция өкілдері осы аймақтағы жарылғыш зат болуы мүмкін деген орындарды аралап шығып, ештеңе таппады.
Құқық қорғау қызметкерлері ер азаматтың әрекетін алдын ала болжам бойынша өзіне өзі қол салды деп бағалап отыр. Әзірге оның кім екендігі анықталмаған.