Хабарламада 32 жасар ҚХР тумасы Си Ченнің АҚШ-тың округ сотының алдында жауап беретіні айтылған. Оған мемлекетке қастандық жасап, заңсыз жолмен ақша тауып, жалған мәліметтер берді және жалған төлқұжатты қолданып, көші-қон мәселесі бойынша өтініш берді деген айып тағылып отыр.
Осыған дейін БАҚ өкілдері Қытай басшылығының 2010-2012 жылдар аралығында 18-ден 20-ға дейінгі АҚШ жансыздарын тұтқындағандығын хабарлаған болатын.